Неміс аяқ киімі

Жұмыс кестесі:
10.00-23.00
Телефон:
8 (7122) 26-20-40

Сән және ыңғайлылық – міне,  адам өзіне аяқ киім таңдайтын негізгі екі өлшемдер. Барлығы да сәнді және сонымен қатар өзін ыңғайлы сезінгісі келеді. Біздің дүкендерде осы талаптардың барлығына жауап беретін жетекші неміс маркаларының топтамалары жиналған. Бұдан басқа, біздің дүкендерде ұсынылған аяқ киім тек Европада шығарылады және мінсіз сапасымен еркешеленеді.

Ara – неміс фирмасы, соған сәйкес неміс сапасы. 1952 жылы Лангенфельд қаласында негізі салынған. Қазір Ara Европада әйелдер аяқ киімін өндірушілердің арасында жетекші орын алады.

Біздің аяқтарымыз барлық өміріміздегі ең үлкен салмақты ұсап тұрады, сондықтан дұрыс емес аяқ киім тек ыңғайсыз және пайдасыз болып қана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа зиянын тигізеді. Ara аяқ киімі салмақты төмендетуге көмектесе отыра аяққа қажетті қолдауды көрсетеді.

Ara маркасы аяқ киімінің маңызды құрамы болып анатомиялық қалып, супинатор және массаж әсері бар және табанның рефлекторлық аймағын белсендіретін  ішкі ауыстырылатын ұлтарақ саналады, осындай жоғары стандарттар аяғы ауыр аналарға арналған аяқ киімдерде ерекше бағаланады

Марканың барлық аяқ киімдері көптеген тексерістерден өтетін ең жақсы материалдардан жасалынады. Мекемедегі технологиялық операциялардың көбі қолмен жасалынатынын айтып өткен жөн.

JOMOS – аяқ киім жекелеп тігілетін отбасы бизнесінен атақты неміс сауда маркасының пайда болғанын көрсететін үлгі.

Тек JOMOS-ты Германияда немістердің көбі киеді. JOMOS тері және қалып  өндірісіне ие, бұл аяқ киім тігу процесін толықтай бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тек осы фирмаға Sympatex су итергіш және су өткізбейтін материалына лицензия тиесілі.

Rieker. Стильдегі жетілгендік- бұл әрдайым жоғары сапа және аяқ киім мүсінінің эргономикасы. Функционалдық және ыңғайлық шыныменде ыңғайлы бұйымдардың  сипаттамасында соңғы фактор болып саналмайды.

Шын сапаның негізі - уақытпен тексерілген қазіргі заманғы материалдардың және керемет фурнитурасынан жасалған әр түрлі аяқ киім түрлерін өндірудің мүлтіксіз патенттелген технологиясы болып табылады. Анатомиялық таңдалған аяқ киім бұл- аяқтың «дем алуына», сезінуіне мүмкіндік беретін, нақты айтқанда, оны аяқта сезіну емес, оның екінші тері ретінде аяқты қармап алуында.

Rieker аяқ киімі философиясының негізгі артықшылығы неде? Аяқ үшін, оның әрбір сантиметрі үшін жеңілдік, ыңғайлылық және жайлылық! Адам аяғының әр қимылын қайталайтын аяқ киім- міне, өндірістің негізіне қойылатын концепция.  Аяқ киім өндірушілері климаттық жағдайларға және уақыт ағымына бейімделген максималды сапалы және мықты аяқ киімді жасау үшін  табиғи құрамды қоса отыра, аса сапалы материалдарды таңдайды.  

Rieker аяқ киімдерінің қазіргі заманғы пішімінің ерекшелігі болып аяққа максималды жайлылық сездіретін ерекше патенттелген табан формуласы саналады. Киген кезде табан соққысын амортизациялайтын арнайы ұлтан аяқ киімді сауданың жетекші өкілі жасады. Аяқ киім ассортименті әр сатып алушыға бір мезгілде сәнді және заманға сай және қорғалған адам ретінде қалуға мүмкіндік береді.  

Tamaris – бұл қазіргі заманғы әйелдің сән тапсырыстарының түсінігі болып табылатын және өмір стилін кейіптейтін Wortmann компаниясының бренді. Заманға лайық дизайнды сапа – бұл Tamaris брэнді ұсынатын аяқ киімге қазіргі заманғы әйелдің қоятын талаптары.

Tamaris үш сегменті: классикалық, сәнді және спорттық болып бөлінеді.

Tamaris classic – бұл классиканы қалайтын, сәнді сүйетін және сапаға үлкен мән беретін әйелдің сегменті. Негізі теріден тұратын топтама күнделікті киіп жүруге және салтанатты жағдайлар үшін киюге арналған әдемі пішіндер мен іскерлік аяқ киімдерден тұрады.

Tamaris trend –  осы марка аяқ киімінде аяқ киім сәнінің ең стильді тенденциялары өз көрінісін табады. Бұл киімде және аяқ киімде агрессивті, экстравагантты стильді қалайтын жастарға, белсенді әйелдерге арналған аяқ киім.  

Tamaris active – белсенді демалысқа арналған жайлы аяқ киім. Оны ерекшелейтін жақтары- жайлылық пен спорттық дизайнның қосылысы.

Marco Tozzi – Wortmann – неміс концерннің бренді — сәнді дизайнмен, қалыптықтың жетілгенділігімен, материалдардың үздік сапасымен және орындалуымен ерекшеленеді. Тақада қолданылатын ANTIshok технологиясы  қадамды 50 %-ға жұмсартуға мүмкіндік береді, барлық омыртқаның және буынның ұзақ мерзімдік жеңілденуін қамтамасыз етеді. Marco Tozzi аяқ киімі неміс аяқ киімінің жайлылығын және сапасын қалайтын сатып алушыларға есептелген.

Bugatti – талғампаз адамдарға арналған ер адам аяқ киімі, демалысқа және іскерлік өмірге арналған. Bugatti  аяқ киімінің ерекшелігі- европалық сапа, сәнге сәйкестік, мүлтіксіз жайлылық және пішімдердің жекелігі.

Bugatti брендісінің стилі бір мезгілде классикалық және заманға сай. Топтаманың әр пішімі өзіне сенімді ер адамның ішкі көрінісін ерекшелейді. Жаңа пішімді дайындауда дизайншылар ыңғайлы аяқ киімге қойылатын барлық талаптарды ескереді. Қалыптар табанның анатомиялық құрылымына қарай жасалады. Bugatti сауда маркасының аяқ киімін өндіруде қолданылатын жаңалықтың бірі Gore-Tex технологиясын пайдалану болып табылады, соған орай аяқ киімнің жоғарғы жағы кез келген ауа райында құрғақ болып тұрады. Жоғарыда көрсетілген осы марканың  барлық жетістіктері келесі маңызы бар факторды қол жетімді бағаны толықтырады.

Кең пішімді қатар, кепілдендірілген сапа, оптималды арасалмақ – баға/сапа, сондай ақ өзінің жекелігін айрықшалау мүмкіндігі- бұлардың барлығы Bugatti аяқ киім маркасын сатып алушыларды тартады.

"Caprice"-  "Caprice" неміс сауда маркасының аяқ киімі сән мен жайлылықтың оптималды қосылысымен, қалыптардың жетілгендігімен, материалдардың үздік сапалығымен және орындалуымен ерекшеленеді.

Caprice фирмасы Caprice аяқ киімі жалаң аяқ жүру сезімін жасау керек деген өзінің философиясына арқа сүйейді. Бұл әсерге компания инновациялар арқылы қол жеткізді: әуелі On Air ұлтарағына, өте иілгіш Superflexibel ұлтарағына және Antishokk тақасына. Walking on air («Ауамен жүру»).

Peter Kaiser. Компания қызметінің негізгі бағыты – әдемі және заманға сай әйелдер аяқ киімін жасау. Аяқ киімнің басты қасиеті – мүлтіксіз стиль, әдемілік, жоғары сапа және ыңғайлық. Әдемі әйелдің қолындағы бриллиант тәрізді Peter Kaiser Сіздің аяғыңыздың сұлулығын ерекшелейді.

M.SHOES (MÜNZ-SHOES) аяқ киімі жоғары сапалы европалық жинақтан және Германияның Губен қаласының MUNZ - SCHUHFABRIK GmbH технологиясы бойынша жасалады.  

MÜNZ-SHOES бірінші үлгісі 1897 жылы Германияның Губен қаласында адам аяғын қайталайтын, бірегей қалып бойынша қолдан жасалды. Марканың ең басты тудырушысы болып анатомиялық қалыпты ойлап тапқан және алғашқы рет ұлтанды бекітудің желімді – тігу әдісін қолданған губендік етікші Томас Мюнц саналады. Томас Мюнцтің бұл екінші жаңалығы MÜNZ-SCHUHFABRIK аяқ киімінің таптырмас жайлылығы мен дәстүрлік сапасының негізіне жатқызылды. Біздің жетістіктер – таптырмас жеңілдік, ерекше иілгіштік, ауа райы жағдайларынан аяқтың жақсы қорғалуы.

M.SHOES (MÜNZ-SHOES) Неміс аяқ киімі -  заманға сай, тозуға төзімді және өмірдің барлық жағдайларында максималды ыңғайлы аяқ киім.

сызба:

4 қабат

Лидер
«Grazie»
Еркемай
Дни рождения