ТВОЕ

Жұмыс кестесі:
10.00-22.00
Телефон:
8 (7122) 26-20-51

Киетін киім: «ТВОЕ»

2001жылы шілде айында ресей саудасында сәнді киімнің жаңа маркасы пайда болды «ТВОЕ» (TVOE), ал 2002жылдың соңында сол атаумен Мәскеуде бірінші дүкен ашылды және осы уақыттан бастап ірі көлемді жарнамалық кампания лейблы басталды. Барлық адамдармен өз жайлылығының құпиялығын бөлісуге дайын, өз- өзіне сенімді, сүйкімді, сәнқой балалар түскен телевизиялық роликтер жастар арасында ең әйгілі каналдарда белсенді ротацияға тұрды. Бүгінде, бірнеше жыл өткеннен кейін нық сеніммен түйіндеуге болады: «ТВОЕ» Ресейде бренд ретінде қалыптасты және қазір Benetton, Sisley, Mango тәрізді халықаралық маркаларға шынайы бәсекелестікке ие.

Сенің стилің

«ТВОЕ» киімі жүз пайыздық мақта мен лайкра, полиэстер және эластан қосылған мақтадан жасалған трикотажды бұйымдар. «ТВОЕ» стилін «sport and casual» ретінде сипаттауға болады: күнделікті киюге, сондай ақ спортқа және белсенді демалысқа өте ыңғайлы бүрмелі, белбеуі бар блузалар, күртешелер, жейделер, шалбарлар, көйлектер, футболкалар.Осы бағытқа тән «ТВОЕ»орындауындағы қарапайым желілер мен демократияшыл қалыптар тартымды қосымшалармен өрбиді: қалташалар, сылдырма ілгектер, этникалық үлгідегі жазбалар.

 «ТВОЕ» қолдаушыларының көпшілігі 14 тен 28 жасқа дейінгі жас адамдар. Алайда, белсенді өмір сүруге үйреніп қалған жоғары жастағы адамдар өздері үшін қызықты нәрселер табады. «ТВОЕ» жыл сайын екі топтама шығарады: көктем-жаз және қыс-күз маусымдары. Бірақ, басқа маркалардан ерекшелігі негізгі топтамалардың ассортименті ай сайын жаңа үлгілермен толықтырылып отырады.

Айтпақшы, ол «ТВОЕ»өте үлкен, зор деуге де болады. Мысалы, маған қызғылт және көкшіл түстер үйлеседі, бұл түстер сәнде болмағанда ұнатпайтын жасыл және классикалық қара түсті киюге тура келеді. «ТВОЕ»  мен сияқтылардың көптігін дұрыс айқындады және өз үлгілерін әр түрлі түстерде шығарады. Экрю, бидай, мүкжидек, пісте, шабдалы, фуксия, коньяк, нэви, хаки, карри,  дәстүрлі қара және ақ түстері: бұлардың өзі толық тізім емес! Өзгеше естіле ме? «ТВОЕ»  - да өзгеше нәрселер көп. Осылайша, киім өндірушілері, жас ресей дизайншылары әр үлгіге өзінің ерекше атауын берді. Маркетинг жөніндегі директор Марина Гамбарова былай деп есептейді: №1 шалбар- бұл сондай зеріктіреді! Оларды  «Бьюти» немесе «Чемпион» деп атау қызықтырақ емес пе! 


Бірақ, көзге түсер атауы көңілімді көншітті де мен «Шахерезада» карго-шалбарын сатып алдым. Олар көпшілікке үйлесе бермесе де сән шыңында, бойы кішкентайларды одан сайын қысқартады, ал толық адамдарды өте қатты толықтырып көрсетеді, менің шалбарым бұл кемшіліктерден арылған: өте керемет көрінеді! Міне, осы оны сатылым көшбасшысына шығарды. «Алабама», «Юнона» және «Сказка»  шалбарлары да біршама атаққа ие, ал ерлер топтамасы фаворитіне «Сокол» күртешесі, «Хищник» жейдесі және «Сидней» олимпийкасы шықты. 

«ТВОЕ»  тек қана 90-60-90 параметрлі сәтті бойжеткендерге бағытталып қоймаған. Дүкендердің көпшілігінде үлкен, кіші және стандартсыз өлшемдердің сәнді үлгілері бар: XXL және XS- әдеттегі іс. Барлық үлгілер, тіпті жоғарыда айтқан XXL үлгілері өте жақсы уйлеседі.

Дүкендер және бағалар

«ТВОЕ» брендін құрушылар барлық жағдайда демократияшылдықты ұстанушылар екендігі мәлім, сондай ақ, өздерінің фирмалық дүкендерін сәндеуде де осы бағытты ұстанады. Осылайша, «Метро -Маркет» сауда орталығында, «Сокол» метросынан бес метр жерде орналасқан дүкен маркасы қызыл-ақ бояуда жасалған, ал минимализм барлық жағдайда бар. Анығын айтқанда, қызыл сызықпен барлық дүкен арқылы фирма атауы жүргізіледі. Төбе қасында қызыл әріптерден «ТВОЕ»сөзінің өзіндік таспасы бар. Сәл төменгі жерде  телефон және ICQ нөмірі. Одан төмен 2011 күз-қыс топтамасының бірнеше үлгісінің атауымен ұқсас «Remember yourself» (өзіңмен қал) ұраны.

Ұнатқан нәрсенің төмен бағалы болуы сатып алуға ынталандыратыны белгілі: дүкенге келушілердің аңшылық түйсігі, әсіресе жеңілдік уақытында ашылатыны күмәнсіз. Ал «ТВОЕ» да төмен бағалар маусымы жыл бойына жүргізіледі. 

«ТВОЕ» Бас директоры Олег Румянцев былай деп түсіндіреді: «ТВОЕ» киімі «Ресей трикотажы» атты ірі ресейлік холдингпен өндіріледі. Яғни, тұйықталған цикл шығады. Не қажеттінің бәрін бір өзіміз жасаймыз, сондықтан баға құрылу процесін бақылау оңай». Шынында да, Сіз 2600теңгеге қайдан стильді шалбар сатып ала аласыз? Және мұнда ешқандай да ұят жоқ: себебі бастысы- нәтиже. Ал, ол барлық үмітіңізді ақтайды!

«ТВОЕ» дағы үйреншікті емес төмен бағалар Кеңес мезгілімен бірге кеткен барлығын бір мезгілде сатып алу дағдысын қайта жаңартты. Андрей атты жас адам өзіне ұнаған шалбармен киім өлшеу бөлмесінен шығып келе жатып, сатушыға тап осындай шалбардың екеуін әкеліп беруін өтініп, мені таң қалдырды. Менің осындай болмашы тәжірибе мақсаты туралы сұрағыма Андрей былай деп жауап берді: «Мен роликте сырғанаймын ғой! Сондай ақ құлап қалып та жүремін... Ал, мына шалбарлар маған өте жақсы жарасады. Сондықтан да қай қай жағдайда да тағы екеуі қорда болады. Себебі, ақшасы күлкілі ғой. Неге сатып алмасқа?»

www.tvoe.ru

сызба:

4 қабат
Лидер
«Grazie»
Еркемай
Дни рождения